Головкин мен Альварестің екінші кездесуі болатын күн аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Альварестің екінші кездесуі болатын күн аталды © REUTERS

Қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 


Бұл туралы боксшылардың өздері, олардың промоутерлері мен жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсететін HBO арнасы мәлімдеді.

Жекпе-жек 5 мамырда өтеді. Бұл күні Мексикада Синко де Майо - елдегі ұлттық мерекелердің бірін тойлайды, осы арқылы PPV-трансляция санын арттыру көзделген. 

Алдағы жекпе-жекте қазақстандық барлық атағын, ал Альварес The Ring журналының атағы мен орта салмақтағы чемпиондығын тігеді. 

"Рас, бұл жолы бізге төрешілер қажет болмайды", - дейді Головкин өзінің Twitter желісіндегі парақшасында. 

"Уақыт жетті. Дайынбыз! 5 мамырда кездесеміз!" - деп жазыпты Альварес өз кезегінде.

"Бұл жолы төрешілер шешпейді! #CaneloGGG2, 5 мамыр, бұл ресми мәлімдеме!" - делінген Golden Boy компаниясының шолуында. 

"12 раунд жектпеген еді. 2018 жылдың 5 мамыры. #CaneloGGG2", - делінген HBO арнасының шолуында. 

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен болатын. Төрешілер шешімі бойынша боксшылар тең түскен-ді.

Қос боксшы арасындағы екінші жекпе-жек қайда өтетіні әзірге белгісіз. Лас-Вегас, Нью-Йорк және Даллас қалаларының бірінде өтуі мүмкін.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +17
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +21
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +22
С
Семей +23
Т
Талдықорған +23
Тараз +24
Түркістан +18
О
Орал +23
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер