10 желтоқсан 2018 11:02

Головкин мен Жиров жекпе-жектері НВО тарихындағы үздік көрсетілімдер тізіміне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин мен Василий Жировтің жекпе-жектері НВО телеарнасы тарихындағы үздік көрсетілімдердің тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин мен Василий Жировтің жекпе-жектері НВО телеарнасы тарихындағы үздік көрсетілімдердің тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Спорт порталының мәліметінше, өткен демалыста АҚШ-тың Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында HBO арнасының 45 жылдық тарихын аяқтаған бокс кеші өтті.

Мұның алдында америкалық телеарна 2019 жылдан бастап кәсіпқой бокс жекпе-жектерін трансляциялауын тоқтататынын мәлімдеген еді. Зерттеулер бокстың HBO арнасына жазылудың негізгі факторы еместігін көрсеткен.

Сондай-ақ, соңғы жылдары HBO телеарнасының боксқа деген қаржыны қысқартып келгені айтылады. Бұдан көрсетілу сапасы бірден нашарлаған, осыған байланысты сын айтыла бастаған. Оның үстіне телеарна бәсекелестері Showtime, ESPN және Fox бокс трансляциялары нарығында үлесін арттыра түскен. Сонымен қатар, жаңа бәсекелес - DAZN стриминг қызметі пайда болды.

Еске салайық, HBO арнасында кәсіпқой бокс көрсетілімі 1973 жылы қаңтарда көрсетілген болатын. Ол кезде аса ауыр салмақта әлем чемпионы Джо Фрейзер мен үміткер Джордж Форман жұдырықтасқан еді.

Осыған байланысты ESPN арнасының маманы және АҚШ-тағы белгілі бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль HBO арнасында көрсетілген үздік 45 жекпе-жекті есіне түсірді. Бұл тізімде қазақстандық Геннадий Головкин мен Василий Жировтың жекпе-жектері бар.

"16. Геннадий Головкин - Сауль Альварес, 16 қыркүйек 2017 жыл; Геннадий Головкин - Сауль Альварес, 15 қыркүйек 2018 жыл; екеуі де Лас-Вегаста: екі тамаша жекпе-жек, онда экшн мен даулы жағдайлар көп болды. Өйткені алғашқыда Головкин белбеулерін сақтап қалды, ал екіншісінде "Канело" болмашы басымдықпен ғана жеңген.

22. Джеймс Тони - Василий Жиров, 26 сәуір 2003 жыл, Машантакет, Коннектикут: крузервейттің тарихындағы ең мықты жекпе-жек шығар. Тонидің бапкері Фредди Роуч 12 раундта нокдаун керегін айтты да, боксшы мұны жасап, драмалық слагфестті аяқтады. Бұл жекпе-жекте ол белбеуді алды және кейін нокдаунның қажеті болмағаны анықталды", - деп жазыпты автор.

Санчес Головкин мансабын аяқтағанға дейін қанша жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети