Головкин мен оның командасын құрметтеймін, бірақ орта салмақта жаңа абсолют чемпион болады - Джейкобс

11 Қаңтар 2017, 10:54
0
Головкин мен оның командасын құрметтеймін, бірақ орта салмақта жаңа абсолют чемпион болады - Джейкобс - © LiveSport.Ru
© LiveSport.Ru

Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша Regular белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобс келесі қарсыласы - қазақстандық Геннадий Головкиннен барлық атағын тартып алуға ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл осы уақыт бойы мен қалап келген жекпе-жек. Бұл жағдайды шыңға көтеріліп, өзіңді үздікпін деп санауға болатын сәт деуге негіз бар. Мен Головкинді және оның командасын барынша сыйлаймын. Бұл жігіттердің орта дивизиондағы үздіктер екенін білемін. Бірақ, мен шаршы алаңға шығып, әлемді таңдандырып, дүр сілкіндіріп, ең үздігі мен екенімді дәлелдеуім керек. Егер мен психикалық және физикалық тұрғыда 100 пайызға дайын болсам, орта салмақта жаңа абсолют чемпион боламын", - деп келтіреді Sky Sports Джейкобстың сөзін.

Мұның алдында америкалық өз командасының алдағы жекпе-жекке жоспары барын және Головкинге өзінің кім екенін жұдырықпен түсіндіретінін айтқан. 

Өз кезегінде Головкин Джейкобсты ең мықты қарсыласы екенін және орта салмақта кімнің бірінші екенін екеуара шешіп алу керектігін айттты. 

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай