16 сәуір 2019 09:21

Головкин менен жеңілгенін біледі - Джейкобс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Джейкобс. Фото: Boxing Scene Головкин мен Джейкобс. Фото: Boxing Scene

Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) өткен жекпе-жегін еске алды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) өткен жекпе-жегін еске алды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Боксшылар 2017 наурызда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында кездескен. Сол кезде Головкин төрешілер шешімімен жеңген болатын. Джейкобс қазақстандық боксшыға қарсы 12 раунд бойы шыдаған алғашқы қарсылас атанған еді. 

Алайда Джейкобс төрешілердің шешімімен келіспейді. 

"GGG-мен кездесуде менен жеңісті тартып алғанын талай рет айтқанмын. Головкин менен жеңілгенін біледі. Мен мұны төрешілер жеңісті оған берген кезде көзінен көрдім. Ол маған реванш беру туралы ешқашан айтқан емес. Мен Головкинмен тағы да жұдырықтасып қана қоймай, өзімнің одан мықтырақ екенімді дәлелдегім келеді", - деді Джейкобс.

Айта кетейік, Джейкобс енді 4 мамырда Лас-Вегаста Головкиннің басты қарсыласы мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізеді. 

Бұған дейін "Канело" мен GGG екі рет жұдырықтасқан еді.  Алдымен 2017 жылы қыркүйекте боксшылар тең түссе, тура бір жалдан кейін Альварес төрешілер шешімімен ұтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети