05 мамыр 2016 13:47

Головкин менімен жұдырықтасуға лайық емес - Альварес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Action Images © Action Images

WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (46-1-1, 32 КО) WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орташа салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) онымен жұдырықтасуға лайықты емес екендігін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қарап тұрсаңдар, мен тек мықты қарсыластармен жұдырықтастым, ешкімнен де қорыққан емеспін. Менің соңғы он қарсыласыма қарап, Головкинмен салыстырып көріңіздер. Айырмашылық бар. Мұнда Головкиннен қорқатындай еш нәрсе жоқ", - деп келтірді Альварестің сөзін BoxingScene.com басылымы.

"Егер де мәселе ақшада болса, біз бұрында-ақ бұл жекпе-жекті өткізетін едік. Головкин мықтырақ қарсыластармен жұдырықтасуы қажет. Иә, ол нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Бірақ ол кімдермен жекпе-жекке шықты? Головкин өзінің соққысынан жығылған қарсыластырмен ғана кездесті", - деді Канело.

Еске салайық, Головкин WBC чемпионы титулына негізгі үміткерлердің бірі. Белбеудің иесі Альварес 7 мамырда Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ ) ұлыбританиялық Әмір Ханмен жұдырықтасып, осы титулды қорғауы керек. Жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен кездесуге міндеттеледі. Сонымен қатар, қазақстандық боксшының командасы 160 фунт салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуді сұрап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети