1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

"Головкинді жеңген жоқ". Леффлер Деревянченконың промоутеріне жауап берді12 тамыз 2020, 14:53

Фото Тұрар Қазанғапов © Фото Тұрар Қазанғапов ©

Орта салмақта IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 KO) промоутері Том Леффлер әріптесі Лу Ди Белге жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Лу Ди Белл - украиналық боксшы Сергей Деревянченконың (13-2, 10 КО) промоутері. Осыған дейін промоутер Twitter желісінде Деревянченко мен Джермалл Чарло кездесуі жайлы пікірін айтып, өз клиентін "мықты, GGG-ді жеңген боксшы" деп жазған болатын.

"Менің ойымша, Сергейдің Чарлоны жеңуге мүмкіндігі көбірек. Мен GGG-мен жұдырықтасқан боксшы жеңеді деген сенімдемін. Чарло - Деревянченко жекпе-жегі - мықты боксшылардың кездесуі. Бірақ бұл мойындалған жоқ. Бұл ұлы жекпе-жекте жеңіске жету үшін боксшыға мықты адам керек", - деп жазды Ди Белл.

Бұл мәселеге қатысты Том Леффлер пікір білдірді.

"Лу, Сергейдің GGG-ді жеңгені қатысты аргумент келтіру қиын. Ол жақсы жұдырықтасты. Бірақ ол жеңіске жеткен жоқ. Әсіресе, нокаутқа түсірген жоқ. Оған 7 раундта жеңіске жету керек еді. Алайда олай болмады. GGG-ге қарсы кездесуде 5 раундта жеңіске жету - ол үшін үлкен жетістік", - деді Головкиннің промоутері.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте Деревянченко WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарлоға қарсы жұдырықтасады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!