11 шілде 2017 10:30

Головкинді тығырыққа тіреп, реваншқа көндіргім келеді - Джейкобс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дэниэл Джейкобс пен Геннадий Головкин. © NY Daily News Дэниэл Джейкобс пен Геннадий Головкин. © NY Daily News

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннен (37-0, 33 КО) реванш алуға ниетті.


Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннен (37-0, 33 КО) реванш алуға ниетті.

"Реванш болады деп үміттенемін. Осы ісімді жалғастырып, жеңіске жете берсем "Ей, Головкин! Басқа таңдауың жоқ! Сен бұл жігітке реванш бермей карьераңды аяқтай алмайсың" деген сөздер айтылады", - дейді ол.

Сонымен қатар, америкалық қазақстандықты тығырыққа осылайша тіреймін деп есептейді. "Бұл - бокс, менімен жұдырықтасқысы келмейтінін айта салуы да мүмкін. Бірақ оның бұлай жасамайтынына іштей сенемін. Бірақ осы ісімді жалғастыра берере болсам, ол реванш өткізуге мәжбүр болады", - деді Джейкобс Fighthype.com басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, бұл екі боксшы биыл 18 наурызда Нью-Йоркте кездескен еді. Джейкобс төртінші раундта нокдаунға түскен, қорытындысында жекпе-жек 12 раундқа дейін созылып, төрешілер жеңісті бір ауыздан Головкинге берген. Джейкобс қазақстандықпен 12 раунд бойы жұдырықтасқан тұңғыш боксшы болды. 

Ал кейін Головкин сұхбаттарының бірінде Джейкобсты бірінші нокдауннан кейін жеңсе, қазір мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасу мүмкіндігі болмауы мүмкін еді дегенді айтқан еді. Айта кетейік, қазақстандық мексикалықпен 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети