22 тамыз 2019 11:43

Головкинге әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жегіне төленетін гонорары айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© DAZN © DAZN

5 қазан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасында қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, бұл жекпе-жекке орта салмақта бос қалған IBF белбеуі тігіледі. Кездесуді DAZN стриминг қызметі тікелей трансляциялайды.

Инсайдер Майк Коппинджердің (The Athletic) ақпаратынша, бұл жекпе-жек үшін Деревянченко бес миллион доллардан аса ақша алады, бұл оның карьерасындағы рекордты гонорар. Ал Головкин қанша алатынын чекте көрсетілмеген, алайда, оған сегіз санды кепілді сома төленетіні белгілі болды.

Бұл Головкиннің DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша екінші жекпе-жегі. Платформадағы алғашқы кездесуін GGG маусымда өткізіп, MSG аренасында канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) нокаутпен жеңген.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети