Головкинге екінші жекпе-жекте Альвареспен қалай жұдырықтасуы керек екені айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкинге екінші жекпе-жекте Альвареспен қалай жұдырықтасуы керек екені айтылды © vk.com

Boxingnews24.com порталының шолушысы Шон Джонс орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтеді делінген екінші жекпе-жекте қандай әдіс-тәсіл қолдану керектігін өз мақаласында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"1. Қашуына кедергі жасау.

2. Жақын аралықта болу. "Канелоның" қашып жүруі" үшін кеңістік бермеу. Бірінші кездесудегі Головкиннің қателігі - ол Альвареспен қашықтықта жүріп жұдырықтасты. Бұл "Канелоға" канаттармен сырғып, қысымнан қашуға мүмкіндік берді. 

3. "Канелоны" тек қорғаныста болуына мәжбүр ету (әр раундтың үш минутында да). 

4. "Канелоның" контр-панчтарынан сақ болып, өз соққыларын жіберу. Осы кезде "Канело" үдетуін тоқтатып, бұрышқа тығылады не қашуға кіріседі", - дейді автор. 

Осыған дейін Абель Санчес бірінші жекпе-жектегі қателіктермен жұмыс істеп жатқаны жайлы және мексикалықпен өтуі тиіс екінші кездесуден не күтетінін айтқан еді.

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, қазақстандық боксшы барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +18
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +24
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +19
П
Павлодар +19
Петропавл +23
С
Семей +25
Т
Талдықорған +26
Тараз +26
Түркістан +21
О
Орал +25
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер