31 тамыз 2016 | 10:56

Головкинмен күш сынасып көргісі келген тілші шыдай алмай, айғайлап жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинның (35-0, 32 КО) баспасөз өкілдеріне ашық өткен жаттығуында қызықты оқиға болды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинның (35-0, 32 КО) баспасөз өкілдеріне ашық өткен жаттығуында қызықты оқиға болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

FightHub TV журналисі Маркос Виллегас қазақстандық боксшымен күш сынасып көрді. Тілші оның білек күшінің қаншалықты мығым екенін сұрағанда, Головкин оған оң қолын созып, "Мен саған көрсетейін" дейді. 

Боксшы тілшінің қолын ұстап, қысып қалған, осы сәтте тілші ауырсынып, именшектей түседі. Осыдан кейін Виллегас тағы бір қателік жасайды, ол Головкиннен қай қолының күштірек екенін сұраған. 

Бұл сәтте де қазақстандық боксшы оның сол қолын ұстап, қысып қалады. "Құдайым-ау, ауырады ғой. Бейне бір 200 фунтты жігіт қолымды қысқандай болды", - деп әсерін бөліседі Виллегас.

Еске салайық, Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондондағы О2 аренасында өтеді. Головкинның барлық титулы тігілетін жекпе-жекті KazSport және "Қазақстан" телеарналары таратады.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети