11 наурыз 2019 15:04

Головкиннің DAZN-дағы алғашқы жекпе-жегінің мән-жайы айтылды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша алғашқы жекпе-жегін келесі аптада құлақтандырады. Бұл туралы промоутер Эдди Хирн мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алайда Хирн Головкиннің қарсыласы кім болатынын нақтыламады. Сонымен бірге, маусымда GGG-мен бір бокс кешінде орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде (27-0, 17 КО) жұдырықтасу мүмкін екенін айтады. Бірақ америкалық белбеуін 22 маусымда қорғайды деп белгіленіп қойған.

Головкин DAZN стриминг жүйесімен келісімшартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады

"Баспасөзбен тілдескенде Эдди Хирн келесі аптада Головкиннің алдағы жекпе-жегін құлақтандыруды күтіп отырғанын айтты. Сонымен қоса, ол Андраде WBO белбеуінің келесі қорғауын Росадо - Сулецки жекпе-жегінің жеңімпазына қарсы өткізетінін айта кетті. Бұл кездесу Головкинмен бір кардта өтуі де мүмкін", - деп келтіреді Хирннің сөзін TalkSport.com журналисі Майкл Бенсон.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети