1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкиннің ESPN телеарнасына қонақ болып барған кезіндегі видеосы пайда болды 18 тамыз 2015, 10:32

Қазақстандық өз турының аясында Давид Лемьемен болатын кездесуін жарнамалады.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© YouTube/gggboxing © YouTube/gggboxing

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин ESPN телеарнасының SportsCenter студиясына қонақ болып барды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық өз турының аясында Давид Лемьемен болатын кездесуін жарнамалады. Айта кетейік, 18 тамызда Головкин мен канадалық боксшы Нью-Йоркте біріктірілген жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатын өткізеді. Боксшылар қатысатын пресс-тур Канаданың Квебек қаласында 19 тамызға дейін жалғасып, 20 жұлдызында Лос-Анджелесте аяқталады.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.



Join Telegram