Головкиннің промоутері Альвареспен үшінші жекпе-жек қашан өтуі мүмкін екенін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші жекпе-жектің келесі жылы қыркүйекте немесе желтоқсанда өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші жекпе-жектің келесі жылы қыркүйекте немесе желтоқсанда өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Біз әлі Геннадийдің трансляторға қатысты келісімшарт мәселесін шешкен жоқпыз. Біз ол үшін ең жақсы ұсыныстарды таңдап жатырмыз. Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін қарсыласты таңдай бастаймыз. Головкиннің оралуы келесі жылы наурызда, сәуірде немесе мамырда болады деп ойлап отырмыз. Менің Golden Boy-мен келіссөздерім мамырға қатысты емес. Олар үшінші жекпе-жекті желтоқсанда өткізгісі келеді, олар мамырда біреумен кездеседі. Сондықтан, Головкин-Альварес III жекпе-жегін көруіміз мүмкін ең жақын уақыт - келесі жылдың желтоқсаны немесе қыркүйегі", - деді Леффлер.

Айта кетейік, "Канеломен" өткен екінші жекпе-жекте Головкин жеңілді және биылғы ең соңғы кездесуі болды. GGG тікелей реванш сұрады, бірақ WBC рұқсат бермеді. Альварестің келесі жекпе-жегі 15 желтоқсанда Нью-Йоркте (АҚШ) өтеді, қарсыласы - екінші орта салмақта WBA чемпионы ұлыбританиялық Рокки Филдинг (27-1, 15 КО). Егер "Канело" жеңсе, ол үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer