Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер бокс кешіне сатылған билеттер мен ақылы трансляциялар (PPV) арқылы қанша адам осы жекпе-жекті тамашалайтынын айтты. Бұл туралы Yahoo! Sports хабарлады.

Леффлердің айтуынша, Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешіне 20 мың көрермен келеді деп күтіледі екен - "аншлаг болмаса да, соған жақын болуы мүмкін". Айта кетейік, Головкин 2015 жылы осы аренада канадалық боксшы Давид Лемьемен өткізген жекпе-жегінде барлық орынды сатқан болатын.
PPV-ға қатысты Леффлер кереметтей сатылымдарды күтпейді екен, алайда ол 200 мың көрсеткішке қуанатынын жеткізген.
Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.