26 қазан 2020 12:13

Головкиннің Шереметамен чемпиондық белбеу үшін өтетін кездесуі тағы кейінге шегерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) шаршы алаңға шығатын уақыты тағы да кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) шаршы алаңға шығатын уақыты тағы да кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы негізі жекпе-жегін қараша айында АҚШ жерінде өткізуі керек болатын. Оның қарсыласы да белгілі еді. Головкин IBF белбеуінің міндетті қарсыласы польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) айқас өткізуі керек еді. Бірақ польшалық боксшының промоутері Анджей Василевски жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлады. 

"Біз тікелей Головкиннің командасынан жекпе-жек желтоқсанның аяғында немесе қаңтардың ортасында өтуі мүмкін деген ақпарат алдық. Дегенмен біз бұған дейін де мұндай хабар алған едік. 

Бұл жағдай боксшының өзіне, бапкерлер мен промоутерлерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Біз кездесудің нақты қашан өтетінін асыға күтіп жүрміз. Камил күн сайын жаттығу жасап жатыр. Жекпе-жектің кейінге шегерілгеніне ол да уайымдап отыр", - деп келтіреді промоутердің сөзін RingPolska. 

Негізі Головкин шаршы алаңға 2020 жылдың ақпан айында шығуы керек еді. Бірақ кейін ол наурызға ауыстырылды. Дегенмен ол кезде жаттығу барысында Головкин жарақат алып, жекпе-жек тағы кейінге қалды. 

Еске салайық, Головкин соңғы рет шаршы алаңға 2019 жылдың қазан айында Нью-Йорк қаласында шығып, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети