Головкинның бапкері "Канеломен" өткен бірінші кездесуде қандай қателіктер болғанын айтты

16 Қаңтар 2018, 10:37
0
Головкинның бапкері "Канеломен" өткен бірінші кездесуде қандай қателіктер болғанын айтты - Абель Санчес пен Геннадий Головкин © Fox Sports
Абель Санчес пен Геннадий Головкин © Fox Sports

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинның (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес Yahoo! Sports басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткізген алғашқы жекпе-жегінде қандай қателіктер жібергенін және алдағы реванш матчтан не күтетінін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әлі көп жұмыс істеу керек, келесі жекпе-жекке дайындық керек. Геннадий алғашқы кездесуде өз пайдасына қолданып қалуға болатын сәттерді өткізіп алды. Ал "Канело" нокаутқа түсіп қалмауы үшін жұдырықтасты. Меніңше, ол жақсы жұдырықтасты", - деді Абель Санчес сұхбатында.

"Қарсыласың рингте жүгіріп жүрсе де қиын. Геннадий бірнеше раунд бойы "Канелоны" ұрмақ болды, бірақ рефери оған арқасынан ұрмау керектігін ескертіп жүрді. "Канело" Головкин оның денесінен ұрмауы үшін әдейілеп солай айналып жүрді", - деді бапкер.

Сондай-ақ, Абель Санчес Головкиннің реваншта бұдан да жақсы соққы жасай алуы мүмкін екенін айтты.

"Олар реваншта бір-бірін бұдан да жақсы танып, мықтырақ соққылар жасайды деп сенемін", - деді Абель Санчес.

Осыған дейін Де Ла Хойя Головкин - "Канело" жекпе-жегінің екінші кездесуін өткізуге кімнің кедергі келтіріп жүргені жайлы айтқан еді

Айта кетейік, Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

6 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалған болатын.

Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай