HBO сарапшысы Головкин-Альварес жекпе-жегінің фаворитін атады

17 Шілде 2017, 10:41
0
HBO сарапшысы Головкин-Альварес жекпе-жегінің фаворитін атады -

Танымал HBO телеарнасының сарапшысы әрі маманы Харольд Ледерман орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жектің кімнің фаворит екенін атап, өз  ойын бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл тамаша жекпе-жек болады. Мен кімнің жеңетінін білмеймін, бірақ осы кездесудің сөзсіз ұмытылмастай болатыны анық. Менің фаворитім - Головкин, себебі ол ірі әрі тәжірибелі боксшы. Сонымен қатар, оның күші көп. Бірақ ол Дэнни Джейкобспен шыққан кезде сәл әлсіздеу, қартайған болып көрінді. Жылдар өзінікін жасайды. Сіздер өздеріңіз көрдіңіздер. Головкин бірінші рет қиындықтарға тап болған секілді. Головкин әрдайым қорқыныш ұялатып, үрей тудыратын. Давид Лемьені, Габриэль Росадоны қалай сұлатқаны естеріңіз ме? Бірақ Джейкобспен кенетте қиындықтар туды. Меніңше, бұл жас мөлшері. Бір жағынан "Канело" Чавеспен шыққан жекпе-жекте өзін жақсы көрсете алмады. Біз бәріміз Головкинді жақсы көреміз, бірақ оның жеңетініне бұрынғыдағыдай сенімді емеспіз. Ол бізге жақын болып кетті. Егер кездесу 12 раундқа созылса, барлығы реванш сұрайтын болады. Мүмкін бұл трилогия болуы да мүмкін", - деп жазды Boxingnews24.com порталы Ледерманның сөзін. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастаығ (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай