1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

HBO телеарнасы Головкиннің мансабындағы ең үздік сәттерді ұсынды

© Fighters.ru © Fighters.ru

HBO телеарнасы Геннадий Головкиннің мансабындағы ең үздік сәттерді ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

10 минуттық видеода қазақстандық боксшының қарсыластарын нокаутқа түсірген сәттері мен оның кәсіпқой бокстағы жеңістері бейнеленген.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.