23 шілде 2020 09:37

Инсайдер Головкин - Альварес трилогиясының уақыты мен боксшылардың гонорарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Golden Boy Promotions© Фото: Golden Boy Promotions©

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен орта салмақта WBA (Super) және WBO (Regular), екінші орта салмақта WBA (Regular) чемпионы мексикалық Сауль Альварес 2021 жылы мамырда үшінші рет жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның мәліметі бойынша, Альварестің гонорары 45 миллион доллар болады, ал Головкин кездесу үшін 30 миллион алады. Боксшылардың екінші жекпе-жегінде ұйымдастырушылар билет сатылымынан 27 миллион доллар түсірген, сондықтан трилогияны көрерменсіз өткізбейді. 

Головкин - Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтуі үшін "Канело" қыркүйектегі кездесуінде жеңіске жетуі керек. Бұл күні ол британиялық Каллум Смитпен (27-0, 19 КО) жұдырықтасуы мүмкін. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екі рет жұдырықтасқан. 2017 жылы қыркүйекте боксшылар тең түссе, бір жылдан соң төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жеткен болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети