31 наурыз 2022 09:32

Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жекке келісті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнуммен титулдық жекпе-жегі кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ. Ол ESPN арнасында көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

WBO "уақытша" чемпионының белбеуі үшін жекпе-жек 21 мамырға келісілді, дейді инсайдер Дэн Рафаэль.

"Сейсенбіде Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнумға орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша титулға арналған промоутерлік сауда жойылды және келісім жасалды. Олар 21 мамырда ESPN арнасының негізгі жекпе-жегінде кездеседі. Мұны маған аты аңызға айналған Карл Моретти айтты. Орын анықталып жатыр", - деп жазды инсайдер.

IBF және IBO белбеулері Геннадий Головкинге тиесілі. Осы салмақтағы уақытша WBO титулына Әлімханұлы мен Дигнум таласады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети