1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Жанқош Тұраров астанадағы бокс кешінде жекпе-жекке шығатын болды 13 қараша 2021, 17:00

18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын тағы бір боксшының есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©nstagram.com/zhankoshturarov ©nstagram.com/zhankoshturarov

18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын тағы бір боксшының есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Елордадағы жекпе-жек кешінде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров өнер көрсететін болды. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 25-айқасы болады. Бұған дейін Тұраров 24 кездесуде де жеңіске жеткен. Ал 17 жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірген. Жанқоштың қарсыласы кім болатыны алдағы уақытта анықталады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом ?? (@vestikzsport)

Еске салайық, бұл бокс кешінің басты айқасында Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта салмақтағы IBO белбеуіне таласады. Оның да қарсыласы әлі белгісіз. 

Ал Даниярдың алдында шаршы алаңға Иван Дычко (10-0, 10 КО) өнерін көрсетеді. Бұл боксшылардан бөлек, 18 желтоқсанда Ержан Залилов пен Ескендік Харсан да жұдырықтасады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram