Жекпе-жек болмайды - Билли Джо Сондерс

05 Сәуір 2017, 10:23
0
Жекпе-жек болмайды - Билли Джо Сондерс - © СПОРТ bigmir)net
© СПОРТ bigmir)net

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) жекпе-жекті ұйымдастыруға келісім ала алмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Соңғы кездері Сондерстің өкілдері орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) командасымен келіссөздер жүргізіп жатты. Астанада маусым айында өтуі мүмкін бокс кешінде Головкинге басты қарсылас ретінде осы ұлыбританиялық боксшы болады делінген.

Сондерс мәлімдемесінде келіссөздердің неліктен іске аспауының себебін айтпады. Сонымен қатар, ол кіммен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы да тіс жармады. Барлық сұрақтар бойынша өзінің промоутері Фрэнк Уорренге хабарласуды сұрады. "Жекпе-жек болмайды. Менен емес, Фрэнк Уорреннен сұраңыздар. Болмашы істермен айналысқым келмейді. Tesco (Ұлыбританияның супермаркеттер желісі - редакция.) дүкендерінен жұмыс іздеп көрсем деймін", - деп жазды Сондерс Twitter желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай