Жүкембаев жұдырықтасқан бокс кеші жаппай төбелеспен аяқталған

02 Ақпан 2017, 13:31
0
Жүкембаев жұдырықтасқан бокс кеші жаппай төбелеспен аяқталған -

28 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кеші жаппай төбелеспен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокс кешінің басты жекпе-жегі осы күнге дейін жеңіліп көрмеген екі боксшы Стивен Батлер (18-0-1, 15 КО) және Брендон Кук (17-0, 10 КО) орта салмақта IBF және WBA белбеулеріне таласқан.  

Онтарио тумасы Кук Батлерді уақытынан бұрын нокаутқа түсіріп, жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды. Осыдан кейін шаршы алаңға неше түрлі заттар ұша бастады, солардың ішінде мұз салынған шелек жеңімпаздың басына тиіп кеткен. Кейін залда жаппай төбелес басталып кеткен. 

Айта кетейік, осы бокс кешінде қазақстандық екі боксшы жұдырықтасқан болатын. Батыр Жүкембаев өз қарсыласын Давид Ранхелді 2,5 минутта нокаутқа түсірді, ал Абылайхан Құсайынов Мексикалық қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай