05 тамыз 2014 14:55

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін колумбиялық боксшыға қарсы өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. ©Ярослав Радловский Қанат Ислам. ©Ярослав Радловский

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің кезекті, 18-ші жекпе-жегін 7 тамыз күні Колумбияның Барранкильяда қаласында өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің кезекті, 18-ші жекпе-жегін 7 тамыз күні Колумбияның Барранкильяда қаласында өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отандасымыздың келесі қарсыласы колумбиялық Фидель Монтеррос болмақ. Фидел осы уақытқа дейін кәсіпқой бокстың шаршы алаңына 43 мәрте шығып, 32 кездесуінде жеңіске жетсе, 9 кездесуінде жеңіліп, 1 кездесуде тең түскен. 26 рет ол кездесуде уақытынан бұрын аяқтаған.

Ал Қанат Ислам болса қазірге дейін 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Отандасымыз өзінің 14 кездесуінде қарсыласын нокаутқа жіберген. Астана уақытымен таңғы 08.00-де басталатын бұл жекпе-жекті жергілікті арналардың бірі тікелей таратады.

Еске салайық, отандасымыз өзінің соңғы жекпе-жегін мамыр айында колумбиялық Франциско Кордероға қарсы өткізіп, кездесудің үшінші раундында жеңіске жетті. Бұл жеңісінің арқасында Қанат Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) мамыр айындағы рейтингі бойынша 11-сатыдан 9-орынға көтерілді. Ал Boxrec.com порталы қазақстандық боксшыны әлемдегі ең қарқынды боксшылардың тізіміне қосты.

Айта кетейік, Қанат Ислам 1984 жылы 13 қыркүйекте Қытайда дүниеге келген. 2010 жылы ол Қазақстанға көшіп келген. Кейбір деректер бойынша, ол қазір Алматы облысының Қарасай ауданында тұрып жатыр.

Ол кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысты. Бұған дейін Қанат әуесқой бокста Қытай атынан Бейжің Олимпиадасына қатысып, қола медаль алған еді. Елге оралған соң WSB сериясында өнер көрсететін елордалық "Астана арландары" командасының намысын қорғады. Бүгінде боксшы АҚШ-тың Флорида штатындағы Pahokee базасында дайындалып жүр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети