Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

29 Қазан 2015, 15:07
1
Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды - © Instagram
© Instagram

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам келесі кездесуін 7 қараша күні Майами қаласында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, қазақстандық боксшы кәсіби бокстағы 20-шы жекпе-жегін мексикалық Алексис Камачоға қарсы өткізеді. Айта кетейік, Алексис Камачо бұған дейін 26 жекпе-жек өткізген. Ол оның 21-інде жеңіске жетіп, бесеуін жеңіліспен аяқтады.

Boxrec.com сайтының хабарлауынша, кездесу тоғыз раундтан тұрады, бұл жекпе-жек сол кештегі ең маңыздысы болмақшы. 

Еске сала кетейік, 31 жастағы Қанат Ислам кәсіби рингте 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол бірінші орта салмақта WBA Fedelatin титулына иелік етеді. Соңғы кездесуінде ол колумбиялық Орландо де Хесус Эстраданы нокаутпен жеңді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай