"Канело" 2019 жылы дивизиондағы барлық титулды біріктіргісі келетінін мәлімдеді

19 Желтоқсан 2018, 16:23
0
"Канело" 2019 жылы дивизиондағы барлық титулды біріктіргісі келетінін мәлімдеді - Сауль "Канело" Альварес. © Boxing News
Сауль "Канело" Альварес. © Boxing News

WBC және WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) 2019 жылы дивизиондағы барлық титулды біріктіргісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы ESPN басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Альварес америкалық Даниэл Джейкобске (35-2, 29 KO) тиесілі IBF титулынан бастағысы келіп отыр. Бұл жекпе-жек 4 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтуі мүмкін.

Мексикалықтың екінші кездесуі 2019 жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр. Альварес онда WBO титулының иегері орта салмақтағы америкалық Деметриус Андрадемен (26-0, 16 КО) жұдырықтаспақшы. 

Осылайша, Альварес Мексика тарихында дивизиондағы барлық титулды біріктіре алған тұңғыш боксшы болғысы келеді.

Осыған дейін қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) дәл осы арманы жайлы бірнеше рет айтқан болатын. Бірақ GGG биыл қыркүйекте судьялардың шешімімен "Канелодан" жеңіліп қалып, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылған еді.

Головкин Альвареспен шығу үшін кімді жеңуі керек?

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай