17 шілде 2018 11:43

"Канело" ең табысты әйгілі адамдар қатарында, Головкин бұл тізімге енбеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Allboxing © Allboxing

Forbes журналының нұсқасы бойынша ең көп табыс алатын танымал адамдар рейтингін бес салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион кіші Флойд Мейвезер бастап тұр. Бұл туралы басылымның сайтында хабарланған, - деп жазады Vesti.kz.


Forbes журналының нұсқасы бойынша ең көп табыс алатын танымал адамдар рейтингін бес салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион кіші Флойд Мейвезер бастап тұр. Бұл туралы басылымның сайтында хабарланған, - деп жазады Vesti.kz.

41 жастағы Мейвезердің соңғы 12 айдағы табысы - 285 миллион доллар. Оның он миллионы жарнамалық келісімшарт арқасында, ал қалғанын UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегормен жекпе-жек үшін алған. Ал ирландиялық файтер бұл тізімде 99 миллионмен 12-орында (85 миллион Мейвезермен жекпе-жек үшін, қалғаны жарнамалық келісімшарттар).

Сонымен қатар, бұл тізімге әйгілі футболшылар Лионель Месси (111 миллион, сегізінші орын) және Криштиану Роналду (108 миллион) да бар.

Жалпы рейтингке 24 спортшы кірген. Олардың ішінде екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альварес те бар. Ол 44 миллион доллар табысымен 62-орында. Журнал тізімімен толықтай мына жерде танысуға болады.

Айта кетейік, "Канело" 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында қазақстандық Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети