08 қараша 2018 11:31

"Канело" Головкинді қалай жеңу керек екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) Мексиканың жылдың үздік спортшысы атағын табыстау кезінде жетістігінің сырын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) Мексиканың жылдың үздік спортшысы атағын табыстау кезінде жетістігінің сырын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, Альварес Ұлттық спорт жүлдесін қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңгеннен кейін ұтып алған. Боксшылар 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында қарымта жекпе-жек өткізген болатын.

Бұл Головкин үшін алғашқы жеңіліс болып, оның орта салмақтағы WBC, WBA (Super) IBO және The Ring журналының белбеулері мексикалыққа өткен еді.

"Ештеңем жоқ болғанымен арманыма жеттім. Оған күш салып, тәртіп пен адалдық арқылы жетуге болады. Қалғаны кейін келеді. Оңай болады деп айтпаймын, өйткені олай емес. Расымен бірдеңені қалап, сол үшін күрессең, оған әсте жете аласың", - деп келтіреді Альварестің сөзін Los Angeles Times басылымы.

Головкинге WBC міндеттеген қарсылас батыл мәлімдеме жасады

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети