1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді 05 қараша 2021, 11:45

Екінші орта дивизиондағы WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Екінші орта дивизиондағы WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Мексикалық бокшсы журналистер сұрағына жауап бере отырып, алдымен қазақстандықтан сұрау керек екенін айтты.

"Алдымен GGG-ден сұраңыз, 168 фунтқа көтеріліуге дайын ба? Жеке өзім кез келген адаммен жекпе-жекке шығуға дайынмын", - деп жауап берді Альварес ESPN сұрағына.

Айта кетейік, Альварес пен Головкин екі жекпе-жек өткізді. Біріншісі 2017 жылдың қыркүйегінде тең нәтижеде, ал екіншісі бір жылдан кейін мексикалықтың жеңісімен аяқталды.

7 қарашада Альварес Лас-Вегаста орта салмақтағы IBF чемпионы америкалық Калеб Плантке қарсы жекпе-жек өткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram