07 наурыз 2019 17:35

"Канело" орта салмақтағы ең мықты екі боксшыны атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© The Independent © The Independent

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) дивизионындағы үздік екі боксшыны атады, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. 


Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) дивизионындағы үздік екі боксшыны атады, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. 

"Канелоның" айтуынша, мұндай атаққа оның өзі және келесі қарсыласы IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) лайықты екен.

"Біздің орта салмақтағы ең мықты боксшы екеніміз - нағыз шындық. Джейкобс - әлем чемпионы, тамаша боксшы. Мақсатым - мықтылармен жұдырықтасу. Дэниэл - бойынан мін табу қиын, салмақты қарсылас. Бапкерім Эдди Рейносо мұндай боксшыға қарсы не істеу керегін біледі, менің міндетім - тыңдау және орындау. Егер импровизация қажет болса, істеймін", - деді Альварес.

Альварес пен Джейкобс арасындағы белбеулер біріктірілетін жекпе-жек 4 мамырда Лас-Вагастағы T-Mobile аренасында өтеді. Екі боксшы да белбеулерін алғаш рет қорғайды. 

Айта кетейік, бұрындары екі боксшы да осы салмақта қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан. 

Уалихан Қосанбай

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети