08 қараша 2021 16:20

Канело рингке қашан оралатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес қысқа демалыс алуды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес қысқа демалыс алуды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мамырда оралуды жоспарлап отырмын, өйткені денеге демалыс керек. Маған демалыс және толық қалпыма келу керек, сондықтан шамамен, мамырда. Негізгі күш жаттығу мен салмақ тастау кезінде түседі. Міне, осының бәрінен шаршаймыз. Бір жағынан қазір өзімді 100 пайыз жақсы сезінемін. Денем барлық талапқа сай. Бірақ келесі жекпе-жекке алаңсыз дайындалу үшін мамырға дейін демалғаным дұрыс", - деп келтірді "Канелоның" сөзін BoxingScene.

Бұған дейін Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегін өткізуге дайын екенін айтқан болатын. Ал WorldBoxingNews порталы 2022 жылдың 7 мамыры трилогия ең қолайлы күн деп атады.

6 қарашада Лас-Вегаста "Канело" америкалық Калеб Плантты 11-раундта нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы және екінші орта салмақтағы бірінші сөзсіз әлем чемпионы атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети