08 қараша 2021 09:07

Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізудің шартын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram © instagram

Екінші орта салмақта тұңғыш әлем чемпионы атанған 31 жастағы мексикалық боксшы Сауль Альварес 39 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екінші орта салмақта тұңғыш әлем чемпионы атанған 31 жастағы мексикалық боксшы Сауль Альварес 39 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ESPN-мен әңгіме барысында Канело үшінші жекпе-жекті өткізуге дайын екенін, бірақ бір шарты барын айтты.

"Головкинмен жаңа жекпе-жек өткізгім келе ме? Иә, өткізгім келеді. Неге болмасын? Егер Геннадий екінші орташа салмаққа ауысуға дайын болса, онда мен дайынмын. Ешқандай мәселе жоқ. Абсолют чемпион болу оңай емес, бірақ әрқашан ең мықтылармен күрескім келеді", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Альварес пен Головкин орта салмақта екі жекпе-жек өткізген болатын: бірінші жекпе-жек тең нәтижеде аяқталды, екінші жекпе-жекте мексикалық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жеткен болатын. 

7 қарашаға қараған түні Лас-Вегастағы Канело IBF чемпионы Калеб Плантты нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы алғашқы абсолютті әлем чемпионы атанды. Альварес үшін бұл кәсіпқой бокста 57-жеңіс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети