03 шілде 2017 09:23

"Канело" VS Головкин: Андре Уордтың болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© punditarena.com © punditarena.com

WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта ауыр салмақтағы әлем чемпионы америкалық Андре Уорд (32-0, 15 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Меніңше, бұл жақсы жекпе-жек болады. Головкиннің "Канелодан" ірірек екені онсыз да көрініп тұр. Бірақ бұл фактор кездесуге әсер ете ме және Альварес Головкиннің соққысын көтере ала ма, міне, басты мәселе осында. Бірақ "Канелоның" нокауты мықты, жұдырықтаса алады және ол қу. Ол осының барлығын жекпе-жекте қолданады деп сенемін", - дейді Андре Уорд.

Оның айтуынша, жекпе-жектің кімнің жеңіске жететінін айту қиын. "Бұл бокс. Бір соққы ғана алып, барлығын өзгертуге болады. Бірақ не болатынын және кімнің жеңетінін білмеймін", - деді Андре Уорд First Take на ESPN телерарнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети