18 қыркүйек 2018 15:46

"Канелодан" жеңілген Головкин P4P королі атағынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Сурет: HBO Boxing Геннадий Головкин. Сурет: HBO Boxing

Белгілі The Ring журналы салмақ дәрежесіне қарамай жасалған үздік боксшылардың (pound-for-pound) жаңа рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Белгілі The Ring журналы салмақ дәрежесіне қарамай жасалған үздік боксшылардың (pound-for-pound) жаңа рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин - Альварес қарымтасынан кейін рейтингте өзгерістер болды. Екінші жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында 15 қыркүйекте өтіп, мексикалықтың жеңісімен аяқталған. Головкин үшін бұл жеңіліс алғашқы болды.

Осылайша, Альварес Головкиннен орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін тартып алды және The Ring журналының белбеуін иеленді.

Журналдың жаңартылған P4P рейтингінде Головкин бірінші болып тұрған жерінен төртінші орынға сырғыды. Допинг дауынан кейін бұл рейтингтен шығарылған Альварес, тізімге қайта еніп, үшінші орынға жайғасты.

Рейтинг көшбасшысы украиналық Василий Ломаченко (11-1-0, 9 КО). Одан кейін бұрынғы абсолют чемпион америкалық Теренс Кроуфорд (33-0, 24 КО).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети