"Канеломен" жұдырықтастым, ол шаршап қалған Головкинді жеңеді - Әмір Хан

16 Тамыз 2017, 09:36
0
"Канеломен" жұдырықтастым, ол шаршап қалған Головкинді жеңеді - Әмір Хан - © USA Today Sports
© USA Today Sports

Бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы ұлыбританиялық боксшы Әмір хан бұрынғы қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) пен WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Меніңше, "Канело" расында да күшейді, ал Головкин, керісінше, кішкене шаршап қалды, қартайды. Адамдар оның бұрынғыдай мықты емес екенін көріп отыр. Осы жекпе-жекте "Канело" жеңеді", - деді Әмір Хан.

Сондай-ақ, ол "Канеломен" өткен жекпе-жегі жайлы айтып өтті. "Мен онымен жақында ғана жұдырықтастым, ол расында да жақсы боксшы. Сондықтан ол Головкинді жеңе алады деп ойлаймын. Көбі мұны естіп, күліп жатыр. Бірақ солай болады. Адамдардың барлығы Головкиннің күші жайлы айтып жатыр, бірақ "Канелоның" да күші бар. Ол да жұдырықтаса алады", - деді Хан Worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында.

Әмір Хан -"Канело" жекпе-жегі 2016 жылдың мамыр айында өткен болатын.

Еске салайық, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай