"Канелоның" бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек қашан өтетінін айтты

24 Қазан, 13:16
0
"Канелоның" бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек қашан өтетінін айтты -

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылы мамырда өтуі мүмкін. Бұл туралы The Athletic порталының журналисі Лэнс Пагмайерге мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо айтты.

"Рейонсо маған "Канелоның" мамырдағы жекпе-жегіне қарсылас ретінде бірнеше жігітті қарастырып жатқанын айтты, бұл тізімге ол Головкинді де кіргізген. Сонымен қатар, ол Чарло мен Сондерсті де атады... Бапкердің айтуынша, "Канело" Ковалевті жеңген жағдайда Бетербиевпен де жұдырықтасуға қарсы емес екен", - деп жазыпты Пагмайер твиттер желісіндегі парақшасында.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай