01 мамыр 2019 13:19

"Канелоның" бапкері Головкиннің Санчеспен жұмысын тоқтатқанына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Golden Boy Promotions/ Chris Hogan Фото: Golden Boy Promotions/ Chris Hogan

WBC, WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (51-1-2, 35 КО) бапкері Хосе "Чепо" Рейносо қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) Абель Санчестен кеткеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBC, WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (51-1-2, 35 КО) бапкері Хосе "Чепо" Рейносо қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) Абель Санчестен кеткеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, екі тарап 2010 жылдан бастап жұмыс істеген болатын. Головкин өз шешімін кәсіби деңгейін арттыру ниетімен түсіндіріп отыр. Ал Санчес оны "ашкөздік пен сараңдықтың" кесірі деген еді. 

"Меніңше, олардың арасындағы "махаббат" жалған болды. Сен ақша үшін кетсең, оның түкке тұрғысы жоқ. Ақша бірінші орынға шықса, ол - нағыз әзәзілдің ісі", - деді Рейносо FightHub TV арнасына берген сұхбатында.

Мұның алдында "Канелоның" промоутері Оскар Де Ла Хойя да Головкиннің Санчеспен жұмысын тоқтатқанына қатысты пікір білдірген болатын. 

Еске салайық, Санчестің басшылығымен Головкин 22 жекпе-жек өткізіп, 20 жеңіске жетті (19 нокаутпен), бір рет жеңіліс тапты, тағы бірінде тең түсті. Соңғы жекпе-жегі 2018 жылдың қыркүйегінде "Канелоға" қарсы реванш болған.

Енді Геннадий Головкин рингке 8 маусымда оралады. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеңіліп көрмеген канадалық Стивен Роллспен кездеседі. Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети