24 маусым 2021 09:06

"Қазақ стилін көрсетемін" - Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәнібек Әлімханұлы. Фото © Getty Images Жәнібек Әлімханұлы. Фото © Getty Images

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегасқа ұшып барды, ол 26 маусымда бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантпен жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Біз Лас-Вегастамыз. Сенбіде Вегаста үлкен жаңалық болады, бұл туралы бүкіл әлем біледі. Вегаста болып жатқан нәрсе Вегаста қалмауы керек. Мен қазақ стилін көрсетемін", - деп жазды Әлімханұлы Twitter-де.

Жекпе-жек украиналық Василий Ломаченко мен жапониялық Масаеши Накатанидің андеркартында өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша ол 27 маусымда таңертең болады. Трансляция сағат 08.00-де басталады.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет рингке қазанда шыққан болатын, ол кезде аргентиналық Гонсало Корияны екінші раундта нокаутқа түсірген. Ал Роб Брант соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың тамызында өткізіп, украиналық Виталий Копыленконы бесінші раундта жеңген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети