Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

"Қазақ титаны" "ирандық Халкты" нокаутқа жіберді 01 тамыз 2022, 08:56

"Қазақ титаны" лақап атымен танылған қазақстандық алып Алмат Жұманов Дубайда (БАӘ) Dubai P7 Arena шаршы алаңында өткен Wicked N' Bad промоутерлік
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©instagram.com/sajadgharibiofficial ©instagram.com/sajadgharibiofficial

"Қазақ титаны" лақап атымен танылған қазақстандық алып Алмат Жұманов Дубайда (БАӘ) Dubai P7 Arena шаршы алаңында өткен Wicked N' Bad промоутерлік турнирінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мassaget.kz порталына сілтеме жасап.

Жұманов өзін "ирандық Халк" деп атайтын Саджад Гарибимен жекпе-жек өткізді. Олар бокс ережесі бойынша әрқайсысы екі минуттан төрт раундтық форматта жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте жеңісті "Қазақ титаны" иеленді. Ол бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.

Еске салайық, жекпе-жек алдында Жұманов Гарибиге: "Саджад, сен мені жекпе-жекке шақырдың, мен келдім. Бұл сенің өміріңдегі ең үлкен қателік. Жекпе-жек сен үшін өте қиын болады", - деп айтқан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram