30 қараша 2017 17:09

Қазақстандық 20 күн ішінде кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін өткізіп үлгерген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұса Тұрсынғалиев Мұса Тұрсынғалиев

10 қараша күні кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев 20 күн ішінде алты жекпе-жек өткізіп үлгерді. Бүгін ол Мексиканың Канкун қаласында жергілікті боксшыны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz


10 қараша күні кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев 20 күн ішінде алты жекпе-жек өткізіп үлгерді. Бүгін ол Мексиканың Канкун қаласында жергілікті боксшыны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Боксшының "вконтакте" желісіндегі парақшасының хабарлауы бойынша, Мұса "Вальнеарио Лос Далфинес Аренасында" кезекті жекпе-жегін өткізді. 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыз Алехандро Кутиеррез Хинастені жеңді. Алтыншы кездесу. Төреші екінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Кездесу басталысымен Мұса қарсыласын соққының астына алды. Бірінші раундта бір рет нокдаунға жіберді. Кейін екінші раундта сол қарқының жоғалтпай, үсті-үстіне соққыларын дарыта берді. Төреші кездесуді тоқтауды ұйғарып, Мұсаның қолын көтерді. Осылайша қазақстандық боксшы 20 күн ішінде алты кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетіп отыр. Оның бесеуі уақытынан бұрын аяқталды.

23 жастағы боксшының кәсіпқой бокстағы қарқыны жайлы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының бас хатшысы Виталий Демьяненко кеше Vesti.kz сайтына берген сұхбатында таңдана айта кетті. 

"Тұрсынғалиев аптасына үш жекпе-жектен өткізіп жатыр. Адам сенгісіз статистика. Әлде, ол қандай да бір спарринг өткізіп жүр ме? Бұл жағын білмейді екенмін. BoxRec бұл жекпе-жектерде супервайзердің және комиссия мүшелерінің есебін ескереді. Егер бұл нәтижелері тіркелмесе, қандай да бір түсінбесік бар болу керек. Тіпті бір айда үш жекпе-жек өткізудің өзі қиын. Ал ол болса бес кездесу өткізіп үлгерді. Санға жұмыс жасамау керек. Қарсыласының кім болғанына да мән беру керек, - деді Демьяненко.

Осыған дейін боксшының менеджері Генри Ривалта жақын аралықта оның статистикасы Boxrec-те тіркелетінін айтқан еді.

Айта кетейік, Мұса Тұрсынғалиев Екібастұз өңірінің тумасы. Кәсіпқой боксқа ауысар алдында екі жыл тыңғылықты дайындалған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети