12 қаңтар 2021 09:26

Қазақстандық әлем чемпионы сыбайлас жемқорлық дауына қатысы бар болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанат Жақиянов өзінің жаттықтырушысы Рикки Хаттонмен. © instagram/zhakiyanov_zhanat Жанат Жақиянов өзінің жаттықтырушысы Рикки Хаттонмен. © instagram/zhakiyanov_zhanat

Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Жанат Жақиянов Солтүстік Қазақстан облысындағы жемқорлық дауына қатысы бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 


Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Жанат Жақиянов Солтүстік Қазақстан облысындағы жемқорлық дауына қатысы бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

2018 жылдан бастап карьерасын аяқтаған чемпион бокстан Олимпиада резервінің Солтүстік Қазақстан спорт мектебін басқарады.

Былтыр жыл соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мекеменің бас есепшісін 24 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұстады. Ол тоғыз жыл бойы ай сайын жалақысын көтеріп, сыйақы жазып отырған.

Әйел алты жарым жылға сотталды. Тексеру барысында мектеп директоры Жанат Жақиянов есепшісіне өз цифрлық қолтаңбасын бергені анықталды, бұл қатаң заңбұзушылық саналады.

Атақты спортшы қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және қызметкерлеріне ведомстволық бақылау жасамағаны үшін қатаң сөгіс алды. 

"Әбдірахманов пен Жақияновтың бюджет ақшасы жымқырылғанын білмегені, ал олардың ЭЦҚ-сын бас есепші өзі қолданғаны анық тіркелді", - деп мәлімдеді СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ернар Баянғазин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети