Қазақстандық боксшының нокауты әлем чемпионатының айтулы оқиғасына айналды 29 тамыз 2018, 14:07

Азия чемпионы Ермахан Жакпековтың (69 келіге дейін) жартылай финалында қарсыласын нокаутқа жіберген соққысы "Осы күннің сәтіне" айналды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жастар арасындағы әлем біріншілігі Мажарстанда өтіп жатыр.
1/2 финалда қазақстандық боксшы тайландтық Пирапат Ясунгноенмен жұдырықтасып, оны алғашқы раундта-ақ ауыр нокаутқа түсірді. Жакпековке жеңске жету үшін екі минут қана қажет болды.
Қазақстандық боксшының жартылай финалдағы жекпе-жегінің толық видеосы:
Финалда Ермахан Еуропа чемпионы, ресейлік Джамбулат Бижамовпен кездеседі.