23 қазан 2019 09:07

Конор МакГрегор Қазақстан туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/thenotoriousmma © instagram/thenotoriousmma

Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор Киевке ұшып барып, баспасөз-мәслихатына қатысты, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс"


Екі салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор Киевке ұшып барып, баспасөз-мәслихатына қатысты, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс"

Ол өзінің сүйікті тағамы деп киевтік котлетті атады, ал сүйікті фильмі "Бэтмэн. Возвращение темного рыцаря" картинасы екен. Жақсы көретін алкогольсіз сусыны - кофе мен су.

Vesti.kz мәліметі бойынша, баспасөз мәслихаты кезінде МакГрегордан қазақстандық ММА туралы сұраған. 

"Қазақстаннан шыққан ММА файтерлерін білмеймін. Қазақстанда бокстың ғажап дамығанын, терең тарихы бар екенін білемін. Еркін күрес те солай. Бірақ қазақстандық файтерлерді көргенім есімде жоқ. Егер мені шақырсаңыздар, Қазақстанға мүмкін барып қалармын", - деді МакГрегор. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz (@vestikzsport)

Конор МакГрегор соңғы рет 2018 жылы қазанда жекпе-жек өткізген. Сол кезде ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалған еді. Ирландиялық спортшы енді 24 қазанда Мәскеуге ұшып барады. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети