Ковалев пен Альварес алғаш рет көз арбасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ковалев пен Альварес алғаш рет көз арбасты © Twitter

Жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев пен орта салмақта WBC және WBA чемпионы Сауль Альварес жекпе-жек алдында көз арбасты, - деп хабарлайды Allboxing.


Көз арбасу рәсімі Лос-Анджелестегі баспасөз мәслихаты кезінде болды. Титул үшін жартылай ауыр салмаққа көтерілейін деп отырған 29 жастағы "Канело" бұл карьерасындағы ең ауыр жекпе-жек болатынын айтты. "Қазір біз тарихқа енуге дайынбыз. Қолымнан не келетінін рингте көрсетемін", - деді Альварес. 

Ал 36 жастағы Ковалев қарсыласын қазіргі уақытта бокс әлеміндегі үздіктердің бірі деп бағалады. "Бұл карьерамдағы үлкен сынақ деп ойлаймын. Жекпе-жекті қуана әрі тағатсыздана күтіп жүрмін. Қолдауларыңызға рақмет", - деді ресейлік боксшы.


© Twitter

Ковалев - Альварес жекпе-жегі 2 қарашада Лас-Вегастағы MGM Grand Arena-да өтеді. Боксшылар Ковалевке тиесілі WBO титулын сарапқа салады. "Канело" жеңсе, карьерасындағы төртінші салмақты бағындырады. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +17
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +21
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +22
С
Семей +23
Т
Талдықорған +23
Тараз +24
Түркістан +18
О
Орал +23
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер