19 тамыз 2019 17:45

"Күтіңдер, келе жатырмын". Әлімханұлы "Канело" мен орта салмақ мықтыларын жекпе-жекке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/janibek_alimkhanuly © instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіргісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіргісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы бұл мәлімдемесін 17 тамыз Лос-Анджелестегі Banc of California стадионында өткен жекпе-жегінен кейін мәлімдеді. Әлімханұлы боксшы қарсыласы Стюарт МакЛелланды бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

"Дайындық бәрі жақсы. Бапкерім Бадди МакГирт мені өте жақсы дайындап, бәрін ойдағыдай жасаған соң жеңіске жетіп отырмын.

АҚШ-қа келгеніме бір жыл болды. Қазір шыңдалып жатырмыз, бірақ мен рингке тек мықтылармен шығу үшін келдім. Сондықтан мықтыларға айтатыным: күтіңдер, келе жатырмын. "Канело", Андраде, ағайынды Чарлолар бар, солармен жақсы жекпе-жек өткізгім келеді", - деді боксшы Top Rank-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Альварес орта салмақта WBA (Super), Андраде WBO, ал Чарло WBC чемпионы.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети