16 тамыз 2016 10:57

Мен әділ төреліктің болғанын қалаймын - Ресей құрамасының бапкері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эдуард Кравцов © boxingplanet.ru Эдуард Кравцов © boxingplanet.ru

Ресей құрамасының бапкері Эдуард Кравцов Vesti.kz басылымына берген сұхбатында Олимпиада ойындарындағы Василий Левит пен Евгений Тищенконың финалдағы жекпе-жегіндегі төрелікке қатысты ойын бөлісті.


Ресей құрамасының бапкері Эдуард Кравцов Vesti.kz басылымына берген сұхбатында Олимпиада ойындарындағы Василий Левит пен Евгений Тищенконың финалдағы жекпе-жегіндегі төрелікке қатысты ойын бөлісті.

"Енді не айтайын, барлығы жекпе-жекте кімнің жеңіске жеткенін көрді. Мен әрқашан әділ төрелік үшін. Сондықтан мен бапкерлердің және спортшылардың еңбегін әділ бағалауын қалаймын. Біз бапкерміз, сондықтан Василий мен оның бапкерлеріне, жалпы боксқа обал болды! Себебі рингте кездесетін мұндай жағдайлар спорттың бұл түріне жараспайды. Өкінішке қарай, бұл Олимпиада ойындарында өтіп жатқан жалғыз спорт түрі емес. Біздің боксшы жұдырықтасуға шықты, жеңгісі келді. Бірақ оған қол көтермегені үшін ол кінәлі емес. Өкінішке қарай, бокссүйерлер үшін біз алғымыз келгенді алдық...", - деді Кравцов.

Еске салайық, 91 келі салмақтағы қазақстандық Василий Левит жартылай финалдық жекпе-жекте кубалық Эрисланди Савонмен жұдырықтасып, 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал ширек финалда отандасымыз Кеннеди Сен-Пьеррді тізе бүктірген болатын. Ал кеше, 15 тамызда 91 келіге дейінгі финалдық кездесуде Василий Левит ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен жұдырықтасып, Рио Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети