02 шілде 2017 11:26

Мэнни Пакьяо аустралиялық боксшыдан жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 шілдеде Аустралияның Брисбен қаласында бокс кеші өтті, бұл кештің басты жекпе-жегінде филиппин Мэнни Пакьяо мен жергілікті боксшы Джефф Хорн жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


2 шілдеде Аустралияның Брисбен қаласында бокс кеші өтті, бұл кештің басты жекпе-жегінде филиппин Мэнни Пакьяо мен жергілікті боксшы Джефф Хорн жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 12 раундқа жалғасты. Кездесуге Пакьяоның иелігіндегі WBO тұжырымы бойынша екінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы тігілді. Спорт порталының мәліметінше, бірінші раундта Хорн басым болған, себебі сериялы соққылар жасап, Пакьяоны қорғануға мәжбүрлеген. 

Келесі раундтарда филиппин аустралиялық боксшының мәнеріне үйреніп, нақты соққыларымен жауап қайтара бастады. Екі боксшы да қатар соққы жасаған, десек те, Хорнның қимылы ширақ көрінді, Пакьяо да қарсыласына соққы дарыта білді. Қорытындысында екуі боксшының да қабағы жарылып кетті. 

Алтыншы раундта Хорн оң қолымен соққы жасап, Мэнниді есеңгіретті, алайда Пакьяо құламады. Жекпе-жек ортасында филиппин айқын басымдығын көрсете алмады, себебі ринг қожайыны сәтті қарсы шабуылдар жасап, кейінірек тіпті тек шабуылға көшті. Оған денесінің ірілігі де көмек болды. Жетінші раундта қос боксшының бастары түйісіп, Пакьяо тағы да қабағын жарып алды, сөйтіп, ол қарсыласына бұл раундты беруге мәжбүр болды.  


© Twitter.com/Top Rank Boxing

Тоғызыншы раундта филиппин алға жүріп, сол қолымен бірнеше рет Хорнға соққы жасай білді. Мэнни тіпті кездесуді нокаутпен аяқтауға аз қалған, бірақ Джефф құламады. Қорытынды раундтарда боксшылар кезек-кезек басымдық алып отырды, бірақ төрешілер жеңісті аустралиялыққа берді (115-113, 115-113,117-111).

Осылайша, Мэнни Пакьяо чемпиондық титулын қорғап қала алмай, карьерасында жетінші жеңілісіне ұшырады. Өз кезегінде Джефф Хорн 16-шы жеңісін тойлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети