25 тамыз 2019 09:12

Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік боксшыны жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповты жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповты жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейдің Челябі қаласындағы "Трактор" аренасында өткен бокс кешінің андеркартында қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осы бокс кешінің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев ұлыбританиялық Энтони Ярдты нокаутқа түсірді. Жекпе-жектің видеосын мына жерден көруге болады. 

 26 жастағы Нұрсұлтанов спорттық мансабында 11 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Сегіз кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 30 жастағы Осипов болса осымен екінші рет жеңілді, ол 15 рет (10 нокаут) жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, Нұрсұлтанов Ресейде алғаш рет өнер көрсетті. Осыған дейінгі жекпе-жектердің барлығын дерлік ол АҚШ-та өткізген, ал Қазақстанда бір ғана кездесу ұйымдастырды. Ковалев пен Нұрсұлтановты менеджер Эгис Климас пен Main Events промоутерлік компаниясы байланыстырады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети