07 шілде 2021 09:02

Мейвезер тарихтағы ең мықты боксшыларды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/floydmayweather © instagram.com/floydmayweather

Бес салмақ дәрежесінде бокстан бұрынғы әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезер тарихтағы ең мықты боксшылардың бестігін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасап.


Бес салмақ дәрежесінде бокстан бұрынғы әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезер тарихтағы ең мықты боксшылардың бестігін атады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасап.

"Пернелл Уитакерден бастайын. Сосын Роберто Дюран. Ауыр салмақтардан... Ларри Холмсты таңдаймын. Ол өз уақытында бәрін жеңді. Оның базасы болды, джеб болды, ал қазір инвестицияларды ақылмен салғанның арқасында жақсы өмір сүріп жатыр.

Тағы Аарон Прайор. Ол жалғыз бір жекпе-жегін есірткінің кесірінен жеңіліп қалды", - деп жазылған Talk Sport-та Мейвезердің сөзі.

Уитакер төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы боған, алты рет жеңіл салмақтағы чемпион атағын қорғаған, бұл рекорд. Дюран да төрт салмақта чемпион болды. Ал Холмс WBC бойынша әлем чемпионы және Мұхаммед Әлиді жеңген бес боксшының бірі болған. Прайор жартылай орта салмақтағы чемпион, ол 40 жекпе-жегінің біреуінде ғана жеңіліске ұшыраған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети