1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Мигель Коттоның бапкері Геннадий Головкиннің кемшілігін жайып салды 27 мамыр 2015, 18:35

Фредди Роуч қазақстандық боксшы Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде қалжырап қалды деген ойымен бөлісті.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фредди Роуч пен Мигель Котто. © ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобы Фредди Роуч пен Мигель Котто. © ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобы

Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кемшілігін жайып салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин соңғы жекпе-жегінде өзінің сырын білдіріп қойды. Абайлау керек. Геннадий - жақсы панчер, бірақ ол сол кезде қалжырап қалды. Бәлкім ол денеден соққы алғанды ұнатпайтын шығар. Әрбір боксшының кемшілігі болады", - деді Роуч FightHype.com басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы рет 17 мамырда америкалық Вилли Монро кішімен кездесіп, оны 6-шы раундта жеңген болатын. Головкин 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 24 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.



Join Telegram